Біздің шешімдер
Деректер беру
Іс жүзінде кез келген бизнесті дамыту үшін деректерді беру желілері сыни маңызды. Бүгінгі таңда олар компанияның өзінің ішіндегі барлық қызметкерлердің, сондай-ақ тек жақында ғана емес, сонымен қатар қашықта орналасқан кеңселердің өзара әрекеттерін қамтамасыз етуде зор рөл атқарады. Біздің сертификатталған инженерлеріміздің тәжірибесі мен сараптамасы сіздерге Cisco, Extreme, Juniper және Fortinet өндірушілерінің желілік жабдығының кең спектрін пайдалана отырып, күрделілігі әртүрлі желі құруға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, біз сіздерге ағымдағы жабдықты зерттеуге, желілік инфрақұрылымды сіздің компанияның стратегиясына сәйкес басқару мен оны әрі қарай дамытуды оңтайландыру жолын анықтауға көмектесе аламыз.
- Корпоративтік желілер (LAN, WAN) құру
- Сымсыз қолжетімдікті қамтамасыз ету
- Желілік инфрақұрылымды басқару және мониторинг жасау
- Біріздендірілген коммуникациялар: IT-телефония, веб- және бейнеконференциялар
- Бағдарламалық анықталатын желілер
- Өнеркәсіптік желілерге арналған шешімдер
Деректерді өңдеу және сақтау
Қазіргі уақытта біз кез келген салада ақпараттық көп көлеміне тап боламыз, ал оларды сақтау, өңдеу және талдау қажет. Деректерді өңдеу мен сақтау жүйелерінің компоненттері қалыпты серверлер мен деректерді сақтау жүйелері де, сондай-ақ күрделі өнімділігі жоғары есептеу кластерлері, басқару жүйелері мен оларды байланыстыратын инфрақұрылым да болып табылады. Біздің мамандар функционалдық сипаттамалары мен баға диапазонына байланысты сіздерге осы саладағы Cisco, IBM, HP, Lenovo, Dell сияқты жетекшілердің шешімдерін таңдап, іріктеп алуға көмектеседі.
- Деректерді өңдеу орталығының желілерін құру
- Серверлік шешімдер
- Деректерді сақтау жүйелері
- Жұмыс орындарын виртуалдандыру
Қауіпсіздік
Бүгінгі таңда кез келген ұйымда ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету барлық бизнес-процестер үшін сыни маңызды болып табылады және ол бизнестің тиімділгіне тікелей ықпал етеді. Заманауи қауіптерден қорғалған кәсіпорындар құруға кешенді тәсіл жекелеген шаралар мен шешімдер жиынтығын көздейді. Біз Cisco, Fortinet, Tenable сияқты және тағы көптеген басқа өндірушілердің шешімдерін толық аятау бойынша кіріктіру қызметін ұсынамыз.
- Желілік инфрақұрылымның қауіпсіздігі
- Қосымшалар мен соңғы бекеттерді қорғау
- Еmail, web траффикті қорғау
- Осалдықтарды басқару
- Физикалық қауіпсіздік: бейнебақылау, қолжетімдікті бақылау жүйелері
Бағдарламалық жасақтама
Біз көптеген өндірушілердің - Veritas, Vmware, Veeam, Red Hat және көптеген басқа өндірушілердің бағдарламалық шешімдерін, соның ішінде ерекше бағыттар бойынша өнімдерді жеткіземізБіздің сараптамамыз бен корпоративтік лицензиялауды түсінетіндігіміз бізге сіздердің шығындарыңызды барынша азайтуға және дұрыс таңдау жасауға мүмкіндік береді.
- Виртуалдандыру
- Резервтік көшіру
- Активтерді басқару және құжат айналымы
Қызметтер
Біздің сертификатталған мамандарымыз жұмыстың күрделілігі мен көлеміне қарамастан, сізге өзіңіздің компанияңыз таңдаған шешімдерді енгізуге көмектеседі, сондай-ақ кіріктіргеннен кейін сіздерге білікті қолдау көрсетеді.
- Ақпараттық жүйелерді енгізу және кіріктіру
- Кепілдік сервистік қызмет көрсету және техникалық қолдау
- Жобаларды басқару